Құқық қорғау органдары

Масаң күйдегі петропавлдық жүк көлігін ұрлап кетпекші болған

Масаң күйдегі петропавлдық жүк көлігін ұрлап кетпекші болған. Жақында полицейлерге техникалық қызмет көрсету орталығының бірін басқаратын 65 жастағы адам жүгінген. Ол «DAF» маркалы машинаның тіркемесін жөндеп жатқанда, кенеттен көлік орнынан қозғалып кеткенін айтқан. Бұл сәтте рөлде бөтен адам отырыпты. Алайда, бейтаныс жан алысқа кете алмады.

Ол жақын маңда тұрған «Mazda»-ға барып соғылады. Көп кешікпей тізгіндегі адамды полицейлер құрықтады. Ол бұрын сотталған 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Жүк көлігінің кабинасына кіріп, жылынбақшы болдым деп ақталған көрінеді. Бұл – жыл басынан облыс бойынша көлік құралын заңсыз иемденуге қатысты екінші факті. Былтыр осындай 85 оқиға анықталған.

 

 

Бердимурат Баймухан