Білім

2020-жылы тексерістен өткен мектептер

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары 2020 жылы 60-қа жуық тексеріс өткізген. Соның 40-тан астамы қашықтықтан ұйымдастырылған.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды.
Тексерістердің дені – жоспарлы, тек 5-уі – адамдардың жеке өтініштері бойынша өткізілген. Нәтижесінде 7 әкімшілік іс қозғалып, олқылыққа жол берген жауапты жандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салыныпты. Ал 1 мектептің лицензиясы мүлдем тоқтатылған.

Айнагүл Сұрағанова – СҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

– Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 13 білім мекемесінде ҚР Білім саласындағы заңнамасына сәйкес заңбұзушылық фактілері анықталды. Олар: тиісті үлгідегі білім беру қағидаларының бұзылуы, мектептердің біліктілік талаптарға сәйкес болмауы. Сонымен қатар, ұлттық білім беру деректер қорын толтыру барысында мектептер нақты деректерді анық көрсетпеген фактілер де кездесті. Сондай-ақ, мамандығы сәйкес келмейтін мұғалімдер де кездесті.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан