Құқық қорғау органдары

Петропавлда 57 жастағы ер адам марихуанамен ұсталды

Ауру қалса да әдет қалмайды. Есірткіні сақтап, оны сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған ауыл тұрғыны осы жолы марихуанамен ұсталды. 57 жастағы ер адам қала маңындағы ауылдардың бірінде тұрады екен. Оның көлігін тексере келе полиция қызметкерлері 14 келіден астам есірткі тапқан.

Жуырда полиция қызметкерлеріне қала маңындағы ауылдардың бірінде тұратын ер адамның наша саудалайтыны туралы жедел ақпарат келіп түскен. Тексеру шаралары барысында бұл ақпарат расталып, 57 жастағы тұрғын бақылауға алынады. Ақыры тәртіп сақшылары сол ер адам басқарған “Volkswagen” автокөлігін Астана-Бөкетов көшелерінің қиылысында тоқтатады. Салоннан скотчпен оралған 3 пакет табылады.

– обнаружено вещество растительного происхождения зеленого цвета, со специфическим запахом) Оперативное видео по 14 кг УПН.

Сот-химиялық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, зиянды зат кептірілген марихуана болып шықты. Тәркіленген нашаның жалпы салмағы 14 келі 540 грамды құрайды.

Руслан Үмбетов – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

 

– Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 бабы 4-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.


Айта кетейік, ұсталған ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған. Есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін 2 рет бас бостандығынан айырылыпты. Тіпті, 2008 жылы аса ірі мөлшерде есiрткi сатқаны үшін 10 жылға темір торға тоғытылған. Жалпы, өткен жылы облыс аумағында заңсыз айналымнан 462 келіден астам түрлі есірткі тәркіленіпті.

Ешкенова Дана