Аптадағы маңызды жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы вакцина адамға қауіпті ме

Коронавирусқа қарсы вакцина адамға қауіпті ме? Осы сұраққа кеше Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді.

Мамандардың айтуынша, қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаға нұсқаулықтың пайда болуы, вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсеткіштері, иммунизациядан кейінгі жағымсыз көріністері, вакцинаны енгізу әдістері мен сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтер қажет. Осыған байланысты қазіргі уақытта қарсы көрсетілімдерді тізу мүмкін болмай отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ағзаның екпеге деген “жауабы” дене қызуы, қызару және вакцина енгізілген жерде ісінуі пайда болумен байқалады. Адамның вакцинаға аллергиясы болатыны да белгісіз екен. Сондықтан, дәргерлер екпе алдында пациенттің денсаулығын тексеріп алады. Сондай-ақ, вакцина жасағаннан кейін тағы 30 минут бақылайды. Арнайы дәріні қабылдаған соң пациентке екпенің жанама әсерлері туралы мәліметтер мен емханалардың телефондары жазылған жаднама беріледі екен. Ал учаскелік дәрігер адамды 3 күн бойы бақылап отыруы керек. Айта кетейік, Covid-19 вакцинасы 2 кезеңмен енгізіледі. Алғашқы доза қысқа мерзімді қорғаныс әсерін береді. Екіншісі 21 күннен кейін антиденелердің мөлшерін көбейтіп, біріншісінің әсерін күшейтеді. Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцинаға қатысты мәлімдеме жасады. Өз сөзінде мемлекет басшысы індетке қарсы қазақстандық өнімді таңдайтынын жеткізді.

Бердимурат Баймухан