Құқық қорғау органдары

Бескөлдің маңында 4 бірдей көлік соқтығысып қалды

Кеше Бескөлдің маңында 4 бірдей көлік соқтығысып қалды.

Қолда бар ақпарға сүйенсек, “Nissan Juke” маркалы темір тұлпар тізгіндеген 38 жастағы азамат жол шетінде апаттық дабыл жүйесі қосулы тұрған “Volkswagen”-ге соғылған. Кейін, алғашқы машинаны және трассада келе жатқан “Toyota Land Cruiser”-ді артынан “Mercedes-Benz” соққан. Бірінші және соңғы көліктерді басқарған жандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Айта кеткен жөн, жыл басынан бері өңірде 7 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 7 кісі жарақат алған.

Алдияр Айтпаев