Құқық қорғау органдары

Өңірде “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

Есірткі қабылдап, рөлге отырған. СҚО-да 3 күн бойы “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Шара барысында жергілікті полицейлер зиянды затты қабылдаған темір тұлпар жүргізушісін құрықтады. Енді ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Жақында тайыншалық полицейлер “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде аудан орталығында 32 жастағы нашақор жүргізушіні ұстады. Кезекшілікте жүрген тәртіп сақшылары “Volkswagen Golf” маркалы автомобильді тоқтатқан. Тілдесу кезінде рөлдегі жігіттің тиісті құжаттары болмай шығады. Кейін ер адам медициналық тексеріске жіберіледі. Сол кезде оның қанынан есірткі заты табылған. Заңбұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материал жинақталды. Енді ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Ал петропавлдық тәртіп сақшылары болса осы күні қос қоғамдық көлік жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Олар жаяу жүргіншілерді ала жолақтан өткізбепті.

– Так как вы согласны с правонарушением – вам выписывается полсуммы штрафа, по сокращенной форме делопроизводства, в сумме 2,5 МРП. Обязаны оплатить до 2 февраля включительно.

Тәртіп сақшылары «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын 3 күн өткізді. Акция барысында полицейлер такси жүргізушілері мен қоғамдық көлікті басқарған жандарды бақылаған. Нәтижесінде маневр жасау ережелерін бұзудың 44 фактісін анықтады. Қозғалыс кезінде 46 жүргізуші телефонмен сөйлескен, 16-сы жоспарлы техникалық байқаудан өтпеген, 9-ы жылдамдықты асырған. Сондай-ақ, автобус парктерінің 3 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды. Олар адам тасымалдау үшін техникалық ақауы бар көліктерді маршрутқа шығарған.

Баян Байғаскина – СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

– Аталған іс-шраны өткізу барысында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп облыс аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Шара барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен көліктердің техникалық және санитарлық жағдайын сақтау, маневр жасау ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу сияқты бұзушылықтар анықталды.


Жалпы, қаңтардың 20-сы мен 22-сі күндері аралығында өткізілген акция аясында жергілікті полицейлер жолаушылар тасымалына қатысты 241 заң бұзушылық анықтаған.

Бердимурат Баймухан