Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да өткен тәулікте 107 адам вирус жұқтырды

Өткен тәулікте облыс аумағында коронавирус инфекциясын тағы 107 адам жұқтырды. Оның жартысынан астамында ауру белгілері анық байқалады.

Ел көлеміндегі ақпармен де бөлісе кетейік. Бүгін Қазақстанның 8 бірдей аймағы “қызыл аймаққа” енді. Нақтырақ айтатын болсақ, Нұр-сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қостанай, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдай көңіл көншітпейді. Ал, Алматы мен Қарағанды өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдай біршама жақсы. Олар – “сары аймақта”. Қалған өлкелер – “жасыл зонада”. Өткен тәулікте 1480 қазақстандықтың ПТР-тесті оң нәтиже берген. Бүгінгі таңда 27 мың отандасымыз коронавирустан ем алып жатыр. Олардың 7 мыңға жуығы – стационарларда. Дәрігерлер 311 пациенттің жағдайын тұрақты ауыр деп бағалады. Ал 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ешкенова Дана