МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы өзгеріс

Бүгіннен бастап Петропавлдағы Халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарды алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайды.

“Мұндай шара өңірдегі эпидахуалдың күрт нашарлауына байланысты енгізіліп отыр”,- дейді орталық өкілдері. Енді аталған мекемеге жүгінемін дейтін жан Электрондық үкімет порталы арқылы алдын ала кезекке тұруы керек. Кейін, нысанға белгіленген уақытында келуі қажет. Броньді egov.kz порталынан бөлек, 1414 нөміріне хабарласу арқылы жасауға болады. Тағы, Telegram-да – «еgovkzbot» және «eGov Mobile» қосымшасын қолдануға болады. Айта кетейік, мұндай өзгерістің тек Петропавлға қатысы бар. Яғни, аудандардағы орталықтардың жұмыс уақыты мен тәртібі өзгеріссіз қалып отыр.

Ерназар Нұрғалиев – «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ СҚОФ баспасөз хатшысы:

– Бронь болмаған жағдайда орталық қызметкерлері кезекті алуға көмектеседі. Бұл ретте броньді 17:30-ға дейін алған жөн. Себебі, осы уақыттан кейін ол жарамсыз болып саналады. Ал, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында броньді 16:30-ға дейін алу қажет. Ескерер жәйт, мүгедек, көпбалалы аналар және зейнеткерлерге орталыққа броньсіз келуге рұқсат етіледі.
 

Бисенова Жанна