Құқық қорғау органдары

Ақша ұрлағандар анықталды

Туған әкесінен ақша ұрлаған! 17-ші қаңтар күні Петропавлда 800 мың теңгеге жуық қаржының қолды болу фактісі тіркелді.

Жедел іздестіру нәтижесі барысында күдікті анықталды. Ол зардап шегушінің қызы болып шықты. 19 жастағы студент отағасының мобильді банкіне кіріп, қомақты қаражатты жеке мақсатта пайдалану үшін қалтаға басқан. Ал 1 күн бұрын полиция бөліміне өзге қала тұрғыны жүгінген. Оның шотынан жарты миллион теңгеден астам ақша жоғалыпты. Көп кешікпей іске қатысы бар тұлға анықталды. Құқық қорғаушылар арызданушының бұрын ұсақ ұрлық жасағаны үшін істі болған 20 жасар өгей баласын құрықтады. Ол да арам ойын алғашқы айтылған үрдіс бойынша жүзеге асырған. Қазір қос оқиғаға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы, өткен жылы облысымызда интернет-банкинг арқылы 33 ұрлық жасалыпты.

Ешкенова Дана