МТРА жаңалықтары

196 жерлесіміз Елбасының қола медалін иеленді

Білімді де, білікті жастар! Жуырда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қола медалін белсенді 2,5 мыңнан астам қазақстандық жеңіп алды. Елбасының марапатына ие болған жандардың 196-сы – жерлесіміз. Арасында Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы Меруерт Әшімова да бар.

Жастардың білімін арттырып, ынталандыру. Өткен жылы қолға алынған «Елбасы медалі» жобасының негізгі мақсаты – осы. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы отандастарымыз қатыса алады. Адамды рухани дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға баулитын бастамада былтыр Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 10-шы сынып оқушысы Меруерт Әшімова да бақ сынады.

Меруерт Әшімова – Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

– Бұл жайлы бізге мектептегі мұғалімдер айтты. 00:15 Жарты жылдай 7 бағыт бойынша жұмыс жасадық. Мақсат қойдық. 13 аптаға жоспар құрдық. Нәтижемізге қарай бағаландық.

«Ұлттық мұра», «Туристік саяхаттар», «Еңбек тәжірибесі» және «Дарын мен дағды». Мерует соңғы аталған бағыттағы тапсырмаларды орындау үшін 2 жыл бұрын ұмыт қалған өнерін, қайта қолға алған екен. Яғни, фортепиано ойнауды бастайды. Өнерін видеоға түсіріп, инстаграмдағы парақшасына жүктеп отырған.

Меруерт Әшімова – Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

– Мен 3 ай бойы синтезатор аспабында ойнап, әр апта сайын есеп тапсырып отырдым. «Кітап оқу» бағыты бойынша, 3 айда 3 кітап оқыдым. Апта сайын эссе немесе видео тапсыру қажет болды. Қорытынды ретінде ай соңында 500 сөздік эссе немесе 3 минуттық видео жіберіп отырдық.

Ал «Еріктілік» бағыты бойынша шәкірт экологиялық жоба әзірлепті. Оқушы қыз өз еңбегінде табиғатты қорғауға қатысты ұтымды ойларын жазған. Сондай-ақ, әр апта сайын 1 сағат жаттығу жасап, денсаулығын да нығайтқан екен. Меруерт тапсырмаларды орындау арқылы спорт пен шығармашылыққа деген қызығушылығы артқандығын айтады.

Меруерт Әшімова – Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

– 2018 жылы музыкалық аттестатымды алған болатынмын. Бірақ, екі жыл өнермен айналыспадым. Бұл жоба менің қызығушылығымды қайта оятты. 03:30 Бастапқы кезең жазда өткендіктен бәрін тез істеп жүрдім. Бірақ, мектеп басталған соң барлығын үйлестіру қиын болды.

Десе де, білімді де, білікті қайсар қыз сынақтарды соңына дейін орындап, жақында жеңімпаздар қатарынан көрінді. Нақтырақ айтсақ, Елбасының қола медалі иегері атанды. Алайда, марапат әлі табыс етілмепті. Алдағы күндері салтанатты түрде қолына берілмек. Мектеп оқушылары үшін бұл жүлде – ЖОО-на грантқа түсуге мүмкіндік болса, студенттердің болашақта мықты маман болуына септеспек. Жалпы, Тұңғыш Президенттің қола медалін 2,5 мыңнан астам қазақстандық жеңіп алған. Оның 196-сы – жерлесіміз.

Маржан Қасымбек