Құқық қорғау органдары

Жүргізуші куәлігі мен техпаспортты бірге алып жүру міндетті емес

Қазақстандықтарға енді жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты бірге алып жүру міндетті емес.

Бұрын бұл құжаттар жүргізушінің қолында болмаған жағдайда айыппұл салынатын. Құжаттардың бар-жоғы туралы дерек электрондық база арқылы тексерілмек. Ең бастысы, жеке куәлік қана қажет болып отыр. Осындай жаңашылдық қарастырылған заң жобасын Сенат бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Жоғарғы палата депутаттары екінші оқылымда қабылдағаннан кейін ел Президентіне қол қоюға ұсынылады.

Казиканова Алтынай