Көлік және жолдар

Республикалық маңызға ие жолдар қардан тазартылуда

Облыстағы республикалық маңызға ие жолдар қардан тазартылуда. Биыл 2 мың шақырымға жуық трассаны күтіп-ұстауға биыл ел бюджетінен 960 млн теңге бағытталыпты. Бұл шаруаға “ҚазАвтоЖол” компаниясы жауапты.

Қазір біз республикалық маңызға ие Жезқазған-Петропавл бағытындағы жолда тұрмыз. Бескөл ауылының маңында автогрейдер, бульдозерлер мен шнекороторлы қар тазалағыштар жүйткіп жүр. Облыс бойынша осындай және өзге де техникалардың 90-ға жуығы жұмылдырылған.

Игорь Суровцев – “Қазақавтожол” ЖШС СҚОФ бөлім басшысы:

– Біздің филиалымызда 109 техника бар. Оның 18-ін жалға аламыз. Қорымызда 800 текше метр тұз араласқан құм бар. Сондай-ақ, көктайғақты жою үшін «Айсмикс» деп аталатын реагент қолданамыз. Барлығы 240-тан аса адам жұмыс істейді. Қозғалысқа кедергі келтірмес үшін қар тазалауға таңертең немесе түнде шығамыз.

Мердігер жұмыс күші аз дейді. Себебі, шнекороторлы қар тазалағыш секілді ауыр техникаларға тәжірибелі мамандар отыруы қажет екен. Айта кеткен жөн, облысымыздағы республикалық маңызға ие трассаларды қыстыгүні күтіп-ұстауға «ҚазАвтоЖол» компаниясының өңірлік филиалы жауапты.

Болатбек Айтбаев – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ директоры:

– Бізде республика бойынша 5 жол тазалау учаскесі бар. Олардың барлығы аудандарда орналасқан.

Жалпы, өңір аумағында республикалық маңыздағы трассалардың ұзындығы 1970 шақырымды құрайды. Биыл оларды күтіп-ұстауға ел бюджетінен 960 млн теңге бағытталған.

 

Бердимурат Баймухан