Құқық қорғау органдары

Петропавлда 3 жастағы бала ессіз күйде ауруханаға жеткізілді

Петропавлда 3 жастағы бала ессіз күйде ауруханаға жеткізілді. Бүлдіршінді көк ала қойдай қылып туған шешесі сабап тастаса керек.

Осындай жағдайдың орын алғаны туралы облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан полицейлерге хабар түскен. 22 жастағы келіншек қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. ҚР ҚК 106-баның 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалған. Күдікті бұған дейін істі болмаған. Бұл – жалғыз баласы. Тұрмыста ма, жоқ па, жұмыс істей ме? – ол жағы белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша, кішкентай қыздың жағдайы қазір ауыр күйде деп бағалануда.

Азат Құсайынов – СҚО ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

– Қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті бұрын құқық қорғау органдарының назарына ілікпегені белгілі. Қазір қала тұрғыны қаламыздың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Бердимурат Баймухан