ТЖ

Есіл ауданында жер үйде газ баллоны жарылды

Есіл ауданында жер үйде газ баллоны жарылып, бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға бүгін түнде Николаевка селосында болған.

Аталған елді мекендегі жер үйдің отқа оранғаны жайлы хабар өрт сөндірушілерге түнгі бірлер шамасында келіп түскен. Құтқарушылар оқиға орнына тез жеткен. Келген бетте үй түгелімен лаулап жанып жатқан. Қаза тапқандар жоқ, бірақ зардап шеккендер бар. Баспана иесінің 27 жастағы келіні 90 пайыз күйікпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер нәзікжандының жағдайын тым ауыр деп бағалап отыр.

Ешкенова Дана