МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлық субъектісінің қатары көбейді

Мемлекеттік сатып алуда мөлдірлікті қамтамасыз ету! ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының өкілдерімен кездесті.

Жиында сыбайлас жемқорлық субъектісінің қатары көбейгендігі айтылды. Бұрын арнайы тізімге квазимемлекеттік компаниялардың тек бірінші басшылары кірген еді. Енді қатарда квазимемлекеттік компаниялардың салалық бөлім басшылары да бар. Мемлекеттік сатып алуға жауапты жандардың барлығы бармақ басты, көз қыстылыққа қарсы қызметтің жіті назарында болады. Жұмыстарында лауазымды тұлғалар
қоғам дертіне қарсы шектеулерді қабылдайды. Егер құқық бұзушылық орын алса, оларға жауапкершілік күшейтіледі. Кездесу барысында
Нұрлан Жахин, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылау институтын енгізу қажеттігін алға тартты. Оның сөзінше, жаңашылдық ел бюджетінен бөлінген қомақты қаражатты ұтымды пайдаға жаратуға мүмкіндік бермек.

Бисенова Жанна