Құрылыс

Жас өркен ықшам ауданындағы 18 қабатты үйге конкурс жарияланды

Бүгін Жас өркен ықшам ауданындағы 18 қабатты үйге конкурс жарияланды.

108 пәтер «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында үлестіріледі. Нысан ішінде 1, 2 және 3 бөлмелі баспаналар бар. Солтүстікқазақстандықтар өтінімді baspana.kz сайты арқылы бере алады. Конкурс ақпанның 7-ші жұлдызына дейін жүргізілмек. Ескере кететін жайт, қатысушылар 1986 жылдан бері қарай үй кезегінде тұруы керек және “Отбасы Банк”-тың салымшысы болуы қажет. Сонымен қатар, бір отбасы мүшесіне шаққандағы ай сайынғы кіріс мөлшері 126 917 теңгеден аспауы тиіс.

Назерке Ғалым – “Отбасы Банк” АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы:

– Конкурс қалай өткізіледі? Мұнда ешқандай балға, шоттағы қаражатқа қарамайды. Баспана жарнасының 10%-ы болуы керек. Ең бірінші көңіл аударатын мәселе – азаматтардың кезекке тұрған жылы мен күні. Егер сандар сәйкес келсе, сайтқа бірінші өтінім білдірген адам конкурстан өтеді.

Маржан Касымбек