МТРА жаңалықтары

СҚО статистика департаменті өткен жылды қорытындылады

Өткен жылы жергілікті кәсіпорындар өнім өндіру бойынша елде 3-ші орынды иеленген. Бұл жайлы жергілікті статистик мамандар ұйымдастырған брифинг барысында айтылды. Сондай-ақ, конецформыначалоформыжиында ауыл шаруашылығы жайы да баян етілді. Былтыр аталған сала өкілдері жақсы нәтиже көрсетіп, 780 млрд теңгенінің табысын көрген екен.

Былтыр өңір кәсіпорындары жиынтық көлемі 305,6 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 4,8 есеге көп. Осылайша, облысымыз өнім өндіру жөнінен өзге аймақтар арасында 3-ші орынға тұрақтаған.

Қуанышбек Қалижанов – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай үлесін азық-түлік өнімдерінің өндірісі алады. Өткен жылғы кезеңде осы саладағы өсім 106,5%-ды құрады. Соның ішінде ет өнімдерінің өндірісі – 30%, сүт өнімдерінің өндірісі – 8,9, ұн өндіру өнеркәсібінің өнімдері 7,9%-ке өсті. Жылу энергиясының өндірісі 4,9% азайғаны есебіне, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда көлем 4,5% төмендеді.

Енді ауыл шаруашылығына тоқтала кетсек. Қуанышбек Қалижановтың айтуынша өткен жылы аталған сала мамандары да жақсы нәтиже көрсеткен. Нақтырақ айтсақ, табыс көлемі 780 млрд теңгені құрайды.

Қуанышбек Қалижанов – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Өсімдік шаруашылығы – 597,4 млрд теңге, мал шаруашылығы – 178,1 млрд теңге. 2020 жылы салмағы 104 мың тонна болатын мал мен құс сойылды. 597,8 мың тонна сүт сауылды. 558,4 млн дана жұмыртқа алынды.

Биыл мал санын жекелей арттыруда 3 процент көлемінде өсім байқалады Ал қанаттылар қатары керісінше сиреген. 32 процентке кемуіне құс тұмауы себеп болды. Қуанышбек Қалижанов жалақы жайын да баяндады. Өткен 12 айда жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда шамамен 87 мың адам еңбектенген. Бұл нысандардағы орташа айлық еңбекақы 143 мың теңгені құрап отыр.

Қуанышбек Қалижанов – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Соның ішінде ерлерде – 150861 теңге, әйелдерде – 137481 теңге. Ауыл, орман және балық шаруашылығында ерлердің жалақысы әйелдер жалақысынан 47% жоғары. Өнеркәсіпте – 27,1%, көлік және қоймалау ұйымдарында 40,2% жоғары болды.

Сондай-ақ, өңірде биыл шағын және орта кәсіпкерлік саны артып 30 мыңға жеткен.

Маржан Қасымбек