Құқық қорғау органдары

Жолға немесе жол шетіне қар тастаған тұрғындар жазаланады

Жолға немесе оның шетіне қар тастаған тұрғындар жазаланады.

Тәртіп бұзған жандарға 20 АЕК дейін айыпұл салынады. Себебі, көшелерге үйілген ақ ұлпа темір тұлпарлардың қозғалысына кедергі келтіреді. Тіпті, жол-көлік апатына да әкеп соқтыруы мүмкін. Онымен қоймай, күн жылыған кезде еріп, айналаны суға толтырады. Сондықтан, тәртіп сақшылары үй маңындағы ақ ұлпаны арнайы серіктестік өкілдеріне жинатып, шаһар сыртына шығаруға кеңес береді. Жалпы, өткен жылы өңірімізде «Абаттандыру ережесін бұзу»-ға қатысты 40 мыңнан астам факті тіркеліпті. Ал қаңтар айынның басынан бері 263 адамға ескерту жасалған. Егер ескерту еленбесі айыппұл салынады.

– Снег вывозите своими силами. Конечно, если рядом коммунальщики снег собирают – можете воспользоваться возможностью. В случае, если вы снег не вывозите, он у вас копится – то предусматривается статья 505 КРКоАП. Первая часть влечет предупреждение, вторая часть уже идет со штрафом.

Қанат Жұмабаев – қалалық ПБ бірінші ПБ бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы:

– Қала аумағындағы қардың көп түсуіне байланысты учаскелік полиция инспекторлары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауладағы қарды жол бойына тастауға тыйым салынады. ӘК 505-бабына 1-тармағына сәйкес тұлғаларға ескерту немес айыппұл салынады.

Маржан Касымбек