Құқық қорғау органдары

Облыста «Бұзушы» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде

Өңір полицейлері қаңтардың 14-інен бастап арнайы жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Оның аясында бұрын сотты болған жандар мен тұрмысы нашар жанұялар жіті назарға алынды.

Мақсат – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Сондай-ақ, алғашқы күні-ақ полицейлер 460-тан аса түрлі құқық бұзушылық фактісін тіркеген. 51 ұсақ бұзақылық пен жасөспірімдердің түнде ата-ана қарауынсыз жүрулеріне қатысты 39 фактіні анықтаған. 45 адам профилактикалық есепке қойылған. Полиция қызметкерлері жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша да рейд жүргізуде. Нәтижесінде рөлге масаң күйде отырған 5 жүргізуші құрықталған. 4 адам – жылдамдықты асырғаны үшін, 2 тұлға көлікті жүргізу куәлігінсіз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік белбеуін тақпаған 50-ден астам жүргізуші мен рөлде отырып телефонмен сөйлескен 30-дан аса адамға қатысты хаттама толтырылыпты. Жаяу жүргіншілерді тиісте жерде өткізбегендер де, жолда жүру ережесін бүзған жаяу жүргіншілер де жауапкершілікке тартылған.

Қанат Жұмабаев – Петропавл қаласы ПБ бірінші полиция бөлімінің бөлімше бастығының міндетін атқарушы:

 – Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласында, алкогольдік және есірткілік масаң күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыс шегінде «Бұзушы» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Осы іс-шара барысында Петропавл қаласының барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Іс-шара барысында ішкі істер органдарының есебінде тұрған барлық отбасылар мен тұлғалар тексерілетін болады, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

Алдияр Айтпаев