Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік апаты болып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

Бүгін таңертең Петропавлда жол-көлік апаты болды. Хименко мен Набережная көшелерінің қиылысында 2 көлік соқтығысып қалған.

Анықталғандай, «Nissan» маркалы машина бағдаршамның жасыл түсіне бұрылып, қарама-қарсы бағыттағы «Subaru»-ға жол бермеген. Соққының қатты болғаны соншалық жолаушылардың бірі металл арасында қысылып қалыпты. Оны құтқарушылар шығарып алды. Жол-көлік апаты салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Ереже бұзған 87-ші жылғы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Бисенова Жанна