МТРА жаңалықтары

Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде тіркелу үшін ұсынылған кандидаттардың тізімі бекітілді

Петропавлда аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиында / дауыс беру арқылы / облыстық мәслихаттың депутаты ретінде тіркелу үшін ұсынылған кандидаттардың тізімі бекітілді. Олардың орташа жасы 44-ті құрайды.

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, партия фракциясының құрамы 73 пайызға жаңартылады. Қатардағылардың көбісі – 35 жасқа дейінгі әйелдер мен жастар қауымы. Сондай-ақ, үміткерлердің арасында көпбалалы ана мен ерекше қажеттіліктері бар 1 адам бар. Қызмет саласына келетін болсақ, ауыл шаруашылығы өкілдерінің саны басым. Яғни, 10 адам. Олар – кәсіпкерлер, мәдениет пен спорт саласының өкілдері.

«Nur Otan» партиясының СҚОФ үміткерлерінің тізімі:
1. Алпысов Ерлан Сапарбекұлы – «Племзавод Алабота» ЖШС директоры
2. Баймуратова Лилия Рашидовна – «Еріктілерді қолдау орталығы» СҚО ҚБ басшысы
3. Барлыбаев Асхат Нағашыбайұлы – «Рустикус» ЖШС директоры
4. Бубенко Владимир Степанович – облыстық мәслихат хатшысы
5. Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы – Сәбит Мұқанов атындағы музыкалық драма театрының директоры
6. Жүкеев Серік Аманжолұлы – «Есей Агро» ЖШС директоры
7. Зенченко Геннадий Геннадьевич – «Зенченко и К» КС директоры
8. Зікірін Ерлан Елтайұлы – «Полтавское» ЖШС директорының орынбасары
9. Ысқақова Орынбасар Сағандыққызы – «Искакова» ЖК басшысы
10. Касьяненко Александр Витальевич – «Намыс» ЖШС директоры
11. Қашаев Кенжебай Әбілқажынұлы – «Unique-инвест» ЖШС директоры
12. Құсайынов Бақыт Мәжитұлы – «Адемы-Астык» ЖШС директоры
13. Левина Елена Владимировна – «Левин» ЖК директоры
14. Леонтьев Сергей Геннадьевич – «Фирма Леонтьев» ЖШС бас директоры
15. Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы – «Мамбетов и К» КТ бас директоры
16. Оразалин Есжан Қабиұлы – «Солтүстік» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы»
17. Рахметова Әсем Қалашбайқызы – «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары
18. Сапаров Алтынбек Сейпелұлы – «Ногайбай» ЖШС директоры
19. Сұрағанова Сәуле Қазбекқызы – Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы
20. Тимофеева Наталья Викторовна – Шал ақын ауданы орталық аудандық ауруханасының офтальмолог-дәрігері
21. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы – «Qazaqstan» РТРК» АҚ СҚОФ директоры
22. Құдайбергенов Біржан Бақытжанұлы – «Jas Otan» ЖҚ СҚОФ төрағасы
23. Эктова Ирина Андреевна – жеңіл атлетика БЖСМ жаттықтырушысы
24. Эрман Владимир Владимирович – «Арғымақ» БЖСМ ат спорты түрлерінің әдіскері
.

Бердимурат Баймухан