Құқық қорғау органдары

62 жастағы петропавлдық заңсыз спирттік ішімдік сатқан

Спирттік өнімдерді заңсыз сатып келген. Жергілікті тәртіп сақшылары базарларға жүргізген рейд барысында осындай айыппен 62 жастағы ер адамды ұстады.

Ол ішімдікті тиісті рұқсатсыз бірнеше ай бойы өткізіп келген. 1 литрін мың жарымнан сатқан. Бағасы өзге жерлерге қарағанда төмен болғасын, сатып алушылары да көп болған көрінеді. Полицейлер тергеп-тексеру барысында одан 135 литр алкоголь өнімін тәркілеп, сараптамаға жіберді. Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес материал жинақталды. Аталған бап негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Жақсылық Байбосынов – Петропавл қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы:

 

– Жалпы, қаңтар айының басынан облыс полицейлері ішімдікті заңсыз саудалауға қатысты 8 фактіні анықтады. Тергеп-тексеру барысында 250 литрден астам спирт тәркіленді.

Казиканова Алтынай