COVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте өңірде 54 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында 54 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бойында ауру белгілері анық байқалатын адамдардың саны 24-ті құрайды. Ал қалғандары – симптомсыз. Індетке шалдыққандардың саны бойынша Петропавл қаласы әдеттегідей көш бастап тұр. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, кеше аймағымызда жалпы 676 кісі ПТР-тест тапсырған екен.

Петропавл қаласында – 23;
Қызылжар ауданында – 8;
Мамлют ауданында – 2;
М.Жұмабаев ауданында – 6;
Аққайың ауданында – 9;
Шал ақын мен Жамбыл аудандарында – 1;
Уәлиханов ауданында 4 жағдай тіркелді.

 

Маржан Касымбек