Құқық қорғау органдары

СҚО-да есірткі жасырып жүрген көкшетаулық тұрғын 8 жылға сотталды

Петропавлда есірткі жасырумен айналысқан көкшетаулық тұрғын сотталды. Заңсыз жолмен пайда табуды көздеген 28 жастағы жігіт 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол нашаны  біреудің тапсыруымен көшелердің таса жерлеріне тастап жүрген.

28 жастағы пысықай өңірге өткен жылдың маусым айында келген. Келеді де бірден “Telegram” мессенджері арқылы тұрғындармен байланысып, зиянды затты қайда қалдырып кететіндігін айтқан. Осылайша, Парк, Жамбыл, Чайковский және тағы басқа көшелердегі 20-дан астам таса жерлерге есірткі жасыра бастайды. Бұл хабар бірден жергілікті тәртіп сақшыларына жетеді. Полицейлер қылмыскерді дәл қылмыс үстінде ұстайды.

– Обнаружено вещество: рассыпчатое, комкообразное, желтого цвета.Оперативное видео обыска.

Ер адамның жалдамалы пәтерін тінту барысында тағы 100 гр есірткі табылып, тәркіленген.

Руслан Назаров – СҚО ПД бастығының орынбасары:

–  2020 жылдың 12 айында есіткіге қарсы күрес желісі бойынша 195 құқық бұзушылық анықталды. Есірткі таратқан 6 интернет-дүкеннің жолы кесілді. 462 келі түрлі зиянды дүние жойылған.

Тәртіп сақшыларының сөзінше есірткі айналымына қатысты 195 фактінің тек 81-і ашылыпты. Өңір полицейлері осыған ұқсас оқиғаның куәгері болған жағдайда 39-41-93 телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.

Маржан Касымбек