Қоғам

Кеше қаладан 22 мың текше қар шығарылған

Облыс орталығында да қар тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кеше қаладан 22 мың текше метр қар шығарылған.

Іске жауапты 14 кәсіпорынның жұмысшылары 2 ауысым бойынша еңбектеніп жатыр. 200-ден астам техника жұмылдырылған. Ақ ұлпа қала сыртындағы арнайы жерлерге апарып төгіледі. Осы орайда қалалық әкімдік өкілдері тұрғындардан түнгі уақытта көліктерін жол шетіне қоймауды сұрайды. Себебі, темір тұлпарлар техниканың өтуіне кедергі жасайды.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Тұрғындарға айтарымыз, көшелердің жиегіне көліктерін тастамаса екен. Техника өте алмай, қар дұрыс тазаланбай қалады.

– Жұмыстар түнгі 10-нан таңғы 5-ке дейін жалғасады. Одан кейін көшелер мен аялдамаларға құм-тұз қоспасы себіледі. Таңғы уақытта 150 маман қала көшелерінде күрекпен жұмыс жасайды. 

Маржан Касымбек