Қоғам

Өңірде барлық бағыттағы жолдар ашылды

Облыс аумағындағы жолдардың барлығы ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертен ақ түтек боранға байланысты өңір аумағындағы республикалық және облыстық маңыздағы бағыттар жабылған болатын. Түнде боран басылып, республикалық маңызға ие жолдарда қозғалыс қайта жанданды.

Ал облыстық трассалар тек бүгін, күндізгі 12-лер шамасында ашылды. “Қазавтожол” серіктестігінің мамандары жолдарды тәулік бойы тазалаған. Бұл шаруаға жауапты кәсіпорын 150-ден астам техникасын жұмылдырыпты. Абырой болғанда, табиғаттың тосын мінезінен зардап шегу фактісі тіркелген жоқ.

Серік Наурызбаев – СҚО ТЖД бөлім бастығы:

– Қыс басталғалы бері облыс аумағындағы жолдарда ауа райының нашарлауына байланысты шектеулер 2 рет енгізілді. Қар құрсауында қалу жағдайлары, әзірге, тіркелген жоқ. Өңір аумағында 300 жылыту қосыны жұмыс істеп тұр.

Маржан Касымбек