МТРА жаңалықтары

Антикор орталығының өкілдері әділет департаментінің мамандарымен жүздесті

Петропавлда жемқорлықпен күреске бағытталған жаңа заң талқыланды. Бүгін Антикор орталығының өкілдері әділет департаментінің мамандарымен жүздесті.

Еске сала кетейік, желтоқсан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бармақ басты, көз қыстылықпен күресті күшейту жөніндегі жаңа заңға қол қойған болатын. Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин аталған бағыттағы жаңашылдықтарды жіпке тізді. Тағы, жергілікті әділет департаментінде былтыр жемқорлыққа қатысты еш факті тіркелмегендігін тілге тиек етті. Нұрлан Жахиннің сөзінше, жұмыс барысының біртіндеп онлайн форматқа көшірілуі жемқорлықпен күресте бірден-бір маңызды рөл атқарады.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:


–  Бүгінде мемлекеттік қызметтердің барлығы дерлік электрондық форматқа көшірілді. Сәйкесінше, бұл қызмет көрсету барысында ашықтық пен мөлдірлікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Дегенмен, ауыр және аса ауыр жемқорлық фактілері әлі де орын алып жатыр. Олардың дені жол жөндеу мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде тіркелуде.

 

Бисенова Жанна