COVID-19: Қазақстан

Соңғы тәулікте коронавирус өңірде 52 адамнан анықталды

Өңірдегі эпидахуалға тоқтала кетейік. Соңғы тәулікте коронавирус 52 жерлесіміздің бойынан анықталған. Оның тең жартысында ауру белгілері айқын байқалады.

Солтүстік Қазақстан – қазір сары аймақта. Алайда, еліміздің қалған өңірлерінде жағдай көңіл көншітпейді. Жақында қызыл зонадағы Ақмола облысына тағы Қостанай облысы қосылды. Инфекциялық вирусты жұқтырып алғандардың саны Алматы облысында да өсіп жатқан көрінеді. Індеттің таралуын болдырмауға септесетін амал – санитарлық ережелерді ұстану: көп адам шоғырланған жерге бармау, маска тағып жүру.  

Бердимурат Баймухан