Қоғам

Былтыр облыста 938 адам «Бастау» жобасына қатысқан

Кәсіп ашып, нәсібін арттырған жандар! Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 938 адам бизнестің қыр-сырын меңгерген.

Олар «Бастау» жобасы аясында білім алып, мемлекеттен қолдау көрді. Нақтырақ айтсақ, 473 жан 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды. Осылайша өз істерін ашқан. Араларында несие алып, жеке бизнестерін дамытқандар да бар. Мұндай жерлестеріміздің саны 150-ден асады. Солтүстікқазақстандықтар қолға алған бизнес жоспарлардың көбісі қызмет көрсету мен ауыл шаруашылығы саласына арналған.

Рахымбек ЗЕЙНУЛЛИН – СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Осы 2021 жылы «Бастау» жобасы онлайн форматта өтеді деп күтіп отырмыз. Наурыз айында 1-ші лекті бастауға дайындалып жатырмыз. 

Ешкенова Дана