МТРА жаңалықтары

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің көлемі өзгерді

Екі мың тоғыз жүз он жеті теңге! 1-ші қаңтардан Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің көлемі өзгерді. Ал ең төменгі жалақы мөлшері сол қалпында сақталып қалды. Яғни, сомма бұрынғысынша 42 мың теңгені құрайды.

Республикалық заңға сәйкес, 2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 1 айлық есептік көрсеткіштің көлемі артты. Енді ол 2917 теңгені құрайды. Яғни, сомма 139 теңгеге артып отыр. Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі де өзгерді. Қазіргі таңдағы көрсеткіш 34 302 теңге екенін айта кетейік. Ал ең төменгі жалақы мөлшері қаз-қалпында қалды. Енді салық заңнамасына көшейік. Мұнда да бірқатар өзгеріс орын алған.

Жаңыл Қабдошева – СҚО бойынша салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру басқармасының бас маманы:

– Құрметті салық төлеушілер, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы кіріс декларациясы ұсыну түрінде басталды.

Сонымен қатар, ҚР салық кодексіне де бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, елімізде арнайы салық режимі пайда болды.

Бұл – пандемия салдарынан үлкен шығынға ұшыраған шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған. Жаңашылдық салық төлеу үрдісін ерікті түрде жүзеге асыруды және қосылған құн салығын төмендетуді көздейді. Яғни, кәсіпкер жағдайы болған кезде ғана қазынаға бірнеше есе азайтылған ақша аударады. Мұндай режим 2023 жылдың 1-ші қаңтарына дейін қолданыста болмақ.

Жаңыл Қабдошева – СҚО бойынша салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру басқармасының бас маманы:

– 1 қаңтардан бастап қосылған құн салықтын шегін 30 000 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін төмендету. АЕК құны 1000-нан асатын транзациялау кезінде қосымша құн салығы төлеушілер емес төлейтіндерге электрондық шот фактура беруі. Бұл норма шаруа және фермерлік қожалықтар үшін патент, жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимдерін қолданатын сатып алушыларға қолданылмайды.

Айта кетейік, барлық өзгерістермен СҚО бойынша салық департаментінің сайтынан толығырақ таныса аласыздар.

 

Ешкенова Дана