Құқық қорғау органдары

СҚО-да тергеу жұмыстарының 50%-дан астамы онлайн өткен

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары өткен жылы тергеу жұмыстарының 50%-дан астамын онлайн форматта өткізген.

Нақтырақ айтсақ, 4981 қылмыстық іске қатысты бар жандар қашықтықтан тергелген. Ал 2021 жылдың бірінші аптасында-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 50 құқық бұзушылық фактісі енгізілген. Полиция департаменті өкілінің айтуынша, 35 жағдайдың анық-қанығы қашықтықтан анықталмақ. Мұндай заманауи әдіс ведомство мамандарының жұмысын біршама жеңілдетеді әрі процесті жылдамдатады екен. Оның үстіне мөлдірлік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Анара Ахметжанова – СҚО ПД анықтау басқармасының анықтаушысы:

–  Цифрландыру тергеушілер мен анықтаушылардың жұмысын жедел әрі ашық етеді. Онлайн формат өз тиімділігін көрсетуде. Өткен жылдың соңында қосымша 50 компьютер сатып алынды. «Электрондық қылмыстық іс» жобасы аясында облыста 134 жұмыс орны бар.

 

Маржан Касымбек