«Qyzyljar» ФК-ның биылғы бюджеті 1 млрд 350 млн теңгені құрайды

Спорт

21:34 11 Қаңтар 2021

1 миллиард 350 миллион теңге! «Qyzyljar» футбол клубының биылғы бюджеті осынша сомманы құрайды.

Бұл жайында жергілікті клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Қомақты қаржының 1 миллиарды негізгі құрамға, қалған 350 миллионы футбол орталығына және әйелдер мен жастар командасына бағытталмақ. Естеріңізге сала кетейік, ұжымның былтырғы бюджеті 920 миллион теңгені құрады. Осылайша «Qyzyljar» маусымдағы ақшасы ең аз құрама атанды. Бірақ, соған қарамастан петропавлдықтар жақсы өнер көрсетіп, чемпионатта 9-шы орынға табан тіреді. Қазіргі таңда жерлестеріміз алдаға ел біріншілігіне қызу дайындалып жатыр.

Казиканова Алтынай

Бұдан әрі оқыңыз

Өскемендіктерге қарсы өткен қос матч құлагерліктердің пайдасына шешілді
“Qulager” қарымта кездесуде ұтылып қалды
«Qyzyljar» мен «Рух Львов» арасындағы матч
Мектеп оқушылары ұлттық ойындарды үйренбек
Ел чемпионатында өнер көрсеткен зілтеміршілер Петропавлға оралды
«Qyzyljar» ФК жаңа маусымға дайындықты бастады
Жергілікті хокейшілер жеңіліске ұшырады
Хоккейшілеріміз қатарынан жетінші рет жеңілді
“Qyzyljar” ФК Украинаның 2 командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді
“Qulager” ХК ағымдағы жылдағы алғашқы ойында жеңіліс тапты
ЕС-164/6 мекемесінде спорттық шара ұйымдастырылды
“Qyzyljar” ФК “Мариуполь” командасынан жеңіліс тапты