1 миллиард 350 миллион теңге! «Qyzyljar» футбол клубының биылғы бюджеті осынша сомманы құрайды.
Бұл жайында жергілікті клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Қомақты қаржының 1 миллиарды негізгі құрамға, қалған 350 миллионы футбол орталығына және әйелдер мен жастар командасына бағытталмақ. Естеріңізге сала кетейік, ұжымның былтырғы бюджеті 920 миллион теңгені құрады. Осылайша «Qyzyljar» маусымдағы ақшасы ең аз құрама атанды. Бірақ, соған қарамастан петропавлдықтар жақсы өнер көрсетіп, чемпионатта 9-шы орынға табан тіреді. Қазіргі таңда жерлестеріміз алдаға ел біріншілігіне қызу дайындалып жатыр.
Казиканова Алтынай