МТРА жаңалықтары

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Органикалық өнімдер – қолжетімді бағамЕн! Петропавлда “Еcoshop” табиғи косметика және экоөнімдер дүкені ашылды. Сауда нүктесінде мыңнан астам тауар түрі бар: Азық-түліктен бастап, өзін-өзі күтуге және үйге арналған дүниелерге дейін.

Консерванттарсыз сүт, глютенсіз тәттілер, түрлі жарма және кептірілген жемістер. Бұл – шаһарда жаңадан ашылған “Еcoshop” дүкенінің ассортименті. Сөрелердегі өнімдер тек табиғи таза шикізаттан жасалған. Дәмді, ең бастысы – денсаулыққа пайдалы.

Диляра Мұхамеджан – “Еcoshop” табиғи косметика және экоөнімдер дүкенінің жетекшісі:

 – «Ecoshop» дүкені Қазақстанда осыдан 5 жыл бұрын пайда болды. Бүгінде біздің сауда нүктеміз еліміздің 7 бірдей үлкен қаласында бар. Енді тізімге Петропавл да кіріп отыр. Өнімдеріміз барлық жерде жоғары сұранысқа ие. Қаламыздағы дүкен жайлы толығырақ баяндай кетейін. Мұнда тауардың мыңнан астам аталымы бар. Яғни, осы жерден кез келген жан өзіне қажетті затты таба алады деп сеніммен айта аламын. Бізге келіңіздер, керек дүниені тауып береміз!

Петропавлдықтар эко-дүкеннің ашылуын тағатсыздана күткен сияқты. Себебі, сауда нүктесі ашылған күні-ақ, мұнда әжептәуір адам келді.

– Жаңа жылдан кейін диетаға отырғым келіп жүрген. Өздеріңіз білесіздер, ол үшін дұрыс тамақтану қажет. Петропавлда “Ecoshop” дүкенінің ашылғаны жақсы болды. Табиғи өнімдерді енді осы жерден сатып алып отырамын.

– Мұндай дүкенді бірінші рет көріп тұрмын. Тауарлары көңілімнен шығып жатыр. Сауда нүктесінде қантсыз жасалған өнімдер де бар екен. Енді жиі келіп тұрамын.

Сөрелердегі жасыл қарақұмыққа сұраныс аса жоғары. Аталған өнім өңірдегі дүкендерде сирек кездеседі екен. Оның құрамы көптеген пайдалы дәрумендерден тұрады. Оның үстіне, жасыл қарақұмық жүйке жүйесін нығайтып, ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетеді. Сондай-ақ, дүкенде химиялық консерванттар мен бояғыштары жоқ шұжықтардың түр-түрі бар.

“Еcoshop” дүкеніндегі тауарлардың басым бөлігі Қазақстанда жасалған. Дегенмен, кей өнімдер Ресей мен Үндістан елдерінен әкелінеді екен. Ең бастысы – таптырмайтын заттардың барлығы қолжетімді бағамен саудаланады.

Диляра Мұхамеджан – “Еcoshop” табиғи косметика және экоөнімдер дүкенінің жетекшісі:

– Органикалық өнімдер – бүгінде Қазақстанда да көпшілікке танылып жатқан әлемдік тренд. Адамдардың барлығы дұрыс тамақтанып, денсаулықтарын сақтағысы келеді. Бірақ, көбі дұрыс тамақтануға арналған өнімдер қымбат деп айтып жатады. Ал біздің “Еcoshop” дүкенінде табиғи таза өнімдерді кез келген адамның қалтасы көтере алады.

Сондай-ақ, “Еcoshop” дүкенінен азық-түлік өнімдерінен бөлек, тиімді бағамен үй шаруасында қолданылатын және өзін-өзі күтуге арналған табиғи тауарлардың түр-түрі табылады. Мысалы, сапалы сабын, косметика, кір жуатын ұнтақ, тіс пастасы сынды дүниелер жетіп жатыр. Айта кетейік, сауда нүктесі Жамбыл Жабаев көшесі, 172 мекен-жайында орналасқан.

 

Ешкенова Дана