Ауа райы

Қазгидромет 12 қаңтарға дауылды ескерту жариялады

Қар тазалау жұмыстары алдағы бір-екі күнде одан әрі қыза түсетіні анық. Өйткені, синоптиктер 12 қаңтарға дауылды ескерту жариялап отыр. Айтуларынша ертең өңір аумағында қалың қар жауады. Кей жерлерде, тіпті, бұрқасын болуы ықтимал. Шығыстан және солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндізгі уақытта минус 19-24, түнде 22-27 градусты құрамақ. Ал қаңтардың 13-і мен 14-і күндері сынып бағанасы одан әрі төмендейді деп күтілуде.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РММ СҚОФ метеоболжам бөлімінің басшысы:

– Қаңтардың 13-і күні түнде қар жауады. Кей кездері бұрқасын күтілуде. Ауа температурасы күндіз -23-28, ал түнде -25-30 градус шамасында болады. Қаңтардың 14-ші жұлдызында жауын-шашын болмаса да тұман түсуі мүмкін. Бұл күні сынап бағанасы күндіз -23-28, түнде -29-34 градусты көрсетеді.

 

 

 

Бисенова Жанна