МТРА жаңалықтары

СҚО-да оқу-жаттығу кезінде тікұшақтың қозғалтқышы істен шықты

Оқу-жаттығу жиынындағы апат. 6-шы қаңтар күні Петропавл әуежайының маңында өтіп жатқан дайындық жұмыстары кезінде ВО-105 тікұшағының оң жақ қозғалтқышы істен шықты.

100 метрдей биіктікке көтеріліп қойған әуе кемесінің бортында 2 адам болыпты. Яғни, ұшқыш-нұсқаушы мен тікұшақ командирі. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Әуе кемесі аз уақыттың ішінде жерге

сәтті қона алды. Қазіргі күні аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бердимурат Баймухан