МТРА жаңалықтары

СҚО-да сайлауға 469 кандидат түседі

Сайлауға саусақпен санарлық күн қалды! Қазіргі таңда партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Науқан қаңтардың 9-ына дейін жалғасады. Ал 10-ы күні Қазақстан халқы таңдау жасайды. Аққайыңдар өлкесіндегі дайындық жұмыстарын баян етейік. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшеновтың сөзінше, өңірімізде 15 аймақтық және 650 учаскелік комиссия құрылыпты. Олардағы бақылаушылардың жалпы саны 3700-ден асады. Сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң сақталады. Айта кеткен жөн, облысымызда 399 мың 375 адам 469 үміткерге дауыс береді. Сайлаушылардың 164 мың 823-і – петропавлдықтар.

Ерболат Бекшенов – СҚО сайлау комиссиясының төрағасы:

– СҚО-ның сайлау комиссиясы 5 саяси партияның 50 партиялық тізімін тіркеді. Оған 469 кандидат енгізілді. Оның ішінде 15 тізім – “Nur Otan”, 9 – “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, 5 – “Ақ жол” демократиялық партиясы, 15 – “АDAL” саяси партиясынан, 6 – Қазақстан халық партиясынан.

 

 

 

 

 

Бисенова Жанна