МТРА жаңалықтары

СҚО-да “AQ JOL” партиясы атынан сайлауға 16 адам түседі

Шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік мәселелерді шешу. Осы және өзге де маңызды тұстар  “AQ JOL” демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасында жазылған. Депутат атануға үмітті жандар  қазір үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Төтенше жағдай, одан соң карантин. Енгізілген шектеу шаралары ел экономикасына айтарлықтай зиян келтірді. Әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдері соққы алып, кейбіреулеріне, тіпті, жұмысын толық тоқтатуға тура келді. Осыны ескерген “AQ JOL” демократиялық партиясының мүшелері бизнес иелеріне дағдарыстан шығуға көмектесуді ниет етіпті.

Евгений Кинцель – “AQ JOL” ҚДП СҚОФ төрағасының орынбасары:

– Партия өкілдері шағын және орта бизнес өкілдерін коронавирус жойылғанша салықтан босатуды ұсынады. Кәсіпкерлер тап болған тығырықтан шыққанға дейін осындай қолдау көрсетілсе дұрыс болар еді.

Медициналық қызмет сапасын жақсарту. Өзге партия өкілдері секілді ақжолдықтардың да күнтізбесіндегі басты мәселе – денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу. Білім саласында жаңалық ашып, жас отбасыларға баспана беру.

Евгений Кинцель – “AQ JOL” ҚДП СҚОФ төрағасының орынбасары:

– Жас отбасыларға үйді тегін беру керек. Осыған қатысты бірқатар ұсыныстарымыз бар. Оған қоса, елімізге басқа мемлекеттерден келетін жандар Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілде емтихан тапсырса. Сонда қазақ тілінің қолдану аясы кеңейеді деп ойлаймыз.

Жалпы, “AQ JOL”демократиялық партиясы атынан өңірде сайлауға 16 үміткер қатыспақ. 

Маржан Касымбек