Қоғам

11-ші қаңтардан бастап ескі көліктер утилизацияға қабылданады

11-ші қаңтардан елімізде қолданыстан шығып қалған көліктерді утилизацияға қабылдау басталады.

Өңір тұрғындары тозығы жеткен темір тұлпарларын Петропавлдағы арнайы бекетке 18-інен бастап әкеле алады. Айта кетейік, биыл айлық есептік көрсеткіш көлемі артқандықтан, ескі машиналар үшін берілетін төлем құны да өсті. Солтүстікқазақстандықтар  тапсырған техникаларына 210 мыңнан 630 мың теңгеге дейін ақша алады.

Жомарт Рахымжан – “ӨКМ Операторы” ЖШС өкілі:

– Жеңіл автокөліктерді өткізгендерге 200 мың теңге берілген болса, қазір 210 мың теңге беріледі. Алдағы уақытта ауылшаруашылығы техникалары да қабылданады. Бұл жайында толық ақпаратты жуық арада айтамыз. Яғни, қай уақытта екенін.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан