МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар Смирново селосына барып, тұрғындармен жүздесті

Көшбасшы партия атынан кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы олар Аққайың ауданына қарасты Смирново селосына барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кейін жергілікті “Халыққа қызмет көрсету” орталығына барып, мамандармен тілдесіп қайтты. Жиында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер Геннадий Зенченко еліміздегі ынтымақты сақтаудың маңызына тоқталды.

Геннадий Зенченко – ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Біздің еліміздегі ең басты жетістігіміз – ол бірлігіміз деп анық айта аламын. Шынымен де, ынтымақ болмаса, бір шаңырақ астында әр түрлі ұлт өкілінің өмір сүруі мүмкін емес еді. Бірлігіміздің арқасында Қазақстан одан әрі дамып, өркендей бермек.

Кейін халық қалаулысы болуға ниет білдірген жандар «Nur Otan»партиясының Аққайың аудандық филиалына бағыт алды. “Ел ертеңі – жастардың қолында”,- деп Елбасымыз айтқандай, үміткерлер жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне де тоқталып өтті.

Геннадий Зенченко – ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Қазір көптеген жастар өмірлерін телефонсыз елестете алмайды. Алайда, бұл дұрыс емес. Ел ертеңі – жастардың қолында. Егер ұл-қыздарымыз жанына жақын, қызықты жұмыспен айналысса, өздері де табысты, елдің болашағы да жарқын болмақ.

Бұл күні Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Геннадий Зенченко Аққайың ауданында 30-ға жуық кездесу өткізді.

 

 

 

Казиканова Алтынай