МТРА жаңалықтары

Петропавлда бірнеше спорттық нысан тұрғызылады

Биыл “Qulager” хоккей клубының құрылғанына – 5 жыл. Осы уақыт ішінде ұжым бірталай жетістікке қол жеткізді. Команда 2 мәрте Қазақстан кубогында және 2 мәрте ел чемпионатында қола медаль еншіледі. Қазіргі таңда құрама жергілікті жастардың жетілуіне күш салуда. Нәтижесі жаман емес. Бүгінде “Qulager” сапында 30 ойыншы болса, соның жартысы – солтүстікқазақстандық жігіттер. Жалпы, өңірімізде шайбалы хоккей жақсы қарқынмен дамып жатыр. Оған арнайы қораптардың, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен үйірмелердің ашылуы дәлел.

Руслан Есеналин – “Qulager” ХК директоры:

 

– Облыс әкімі мен дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен спорт-интернатта шайбалы хоккей бөлімшесі ашылды. Бұл – өңір тарихында орын алған ерекше оқиға. Себебі, облыс тұрғындарының 50 пайызы ауылда тұрады. Біз сол жандардың таланттарын ашуға, кәсіби деңгейде спортшы атануларына мүмкіндік беру қажетпіз. Спорт-интернатта қолайлы жағдай жасалған. Онда спортшылар күніне 5 мезгіл тамақтанады, 3 мезгіл жаттығу жасайды.

Облысымызда жалғыз шайбалы хоккей ғана емес, өзге де спорт түрлерін дамытып, салауатты өмір салтын сақтайтын жандардың қатарын 56%-ға жеткізу қажет. Ол үшін келесі жылы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақаловтың бастамасымен Петропавлда ауқымды шаруа бастау алмақ. Бұл жайлы сайлауға қатысушы үміткерлер баян етті.

Владимир Витченко, қалалық мәслихат депутаттығына “Nur Otan” партиясы атынан үміткер:

 

– Қаламыздағы 8-ші мектептің ауданында спорт сарайының және “Береке”-де спорт кешенің құрылысы бастау алады. Тағы жекеменшік қаржыға спорттық-ойын-сауық орталығы тұрғызылмақ. Ол фитнесқа және спорттың өзге де түрлеріне арналмақ. “Nur Otan” партиясының ұраны – жастар, спорт, салауатты өмір салты.

Денені нысан ішінде ғана емес таза ауада да шынықтыру қажет. Сондықтан, нұротандықтар болашақта әр аулада ойын және спорт алаңын тұрғызуды жоспарлап отыр.

Култанов Байболат