Қоғам

Нумеролог пен астролог келер жылға болжам жасады

Сиыр жылы қандай өзгерістер әкеледі? Мұны білу үшін арна тілшілері жергілікті нумеролог және астрологпен тілдесті. Мамандар келер жылға қандай болжам жасап отыр? Бұл жайлы толығырақ келесі бейнематериалда.

2020-да жағымсыз оқиғалар жиі болды. Сондықтан, жұртшылықтың бәрі келер жылдан тек жақсылық күтеді. Ал шығыс күнтізбесі бойынша 2021 – Сиыр жылы. Бұл жануар адамға деген пайдасымен, сабырлы қасиетімен ерекшеленеді. Астролог мамандардың сөзінше, келер жыл өткен жылға қарағанда жағымды әрі жайлы болмақ.

Татьяна Калиновская – астролог:

– Сиыр – ақтың, берекенің бастауы. Сондықтан, келер жыл жаңа бастамалармен айналысуға қолайлы болмақ. Яғни, 2021 біліктілікті арттырып, өз-өзіңді жан-жақты дамытып, кәсіп ашамын дейтін жандарға сәтті болады. Және шаңырақ көтеретін, мықты әріптестік орнататын, түрлі идеяларды іске асыратын кезең болмақ.

Бұл – астрологтың болжамы. Енді сандардың сиқырына кезек берейік. Жергілікті нумеролог Нина Предеина келер жыл 5 санына тиесілі дейді. Ал 5 нумерология ғылымында еркіндіктің, үлкен өзгерістердің белгісі екен. Сол сеебпті, 2021-де әр салада еңбек ететін жан батыл шешімдер қабылдап, сенімді түрде еңбек етуі тиіс.

Нина Предеина – нумеролог:

– 2020 жыл 4 санының ықпалында болды. Ал 4 саны – қаталдық пен тәртіптің белгісі. Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл барлығымыз карантин қағидаларын сақтап өмір сүріп жатырмыз. 5 санына толығырақ тоқталар болсам, 5 әрқашан жақсы болып саналады. Сондықтан, келер жылы түрлі жаңашылдықтар орын алады.

Дегенмен де нумерологтың сөзінше, 2021 жылдың бірінші жартысы қиындау болуы мүмкін. Жағдай мамыр айында түзелуі тиіс. Яғни, 5-ші айда елдегі эпидахуал тұрақталуы қажет. Бұны нумерология тұрғысынан маман былай түсіндірді.

Нина Предеина – нумеролог:

– Сандар бір-бірімен сәйкес келгенде болып жатқан оқиға одан әрі ушығады немесе керісінше тұрақталады. Оны фактімен дәлелдейін. Жаңа 2020-шы жыл 4 санына тиесілі болды дедім. Ал 4-ші ай – сәуір. Естеріңізде болар, дәл осы уақытта жер жаһанды жаулаған вирус өрши түсті. Ал келер жылы 5 пен 5 сәйкес келеді. Демек, болжам бойынша мамыр айында жағдай реттеліп, барлығы қалыпты режимге қайта оралады.

Осы орайда петропавлдық тұрғындармен тілдестік. Жерлестеріміз астролог пен нумеролог мамандарға сене ме?

– Келер 2021 жылдан тек жақсылық күтеміз. Нумеролог мамандардың айтуынша алдағы жыл жайлы болмақ. Оған өз басым сенемін.


– 2021-де індет жойылып, бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Німерологтардың болжамына сенемін.

– Өз басым бұндайға сенбеймін. Бірақ, айтып отырғандары сәйкес келсе жақсы болар еді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, келер Сиыр жылы әр адамның өміріне түрлі өзгерістер әкелетіні анық. Ең бастысы, 2021 әр жанұяға зор денсаулық пен бақ-береке әкелсін.

Ешкенова Дана