Құқық қорғау органдары

Полицейлер жолда қалған көлік жүргізушілеріне көмектесті

Құқық қорғаушылар қолғабыс етті!

Солтүстікқазақстандық полицейлер екі күннен астам уақыт жолда тұрған ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне көмектесті. Темір тұлпарды тізгіндеген жандар Ресейдің Челябі қаласынан елордамызға бет алыпты. Ғабит Мүсірепов ауданында машинадағы компьютер істен шыққан екен. Сондықтан қозғалыс тоқтаған. Бұл хабарды тәртіп сақшылары ести сала, оқиға орнына жетіп, техниканы күзеткен және адамдарға ас-су ұсынған. Кейін, камазды сүйреуге көлік тапқан. Осыған ұқсас жағдай Мамлют ауданында да тіркелді. Мұнда да полицейлер жолда қалған камаз жүргізушісіне жәрдемдескен. Батальон қызметкерлері оған жылы киім, ыстық тамақ пен жөндеу жұмыстарына қажет құрал-жабдық берген.

Алдияр Айтпаев