Құқық қорғау органдары

Полицейлер тұрғындарды мерекемен құттықтады

60-тан астам балаға қуаныш сыйлады. Жаңа жыл қарсаңында жергілікті полицейлер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың үйіне барып, балаларға тәтті сыйлық пен ойыншық тарту етті. “Караван добра” акциясы аясында тәртіп сақшылары 18 жанұяны мерекемен құттықтап қайтты.

Қолына сыйлығын алған кішкентай Ерхаттың жүзінен қуаныш байқалады. Қасындағы 4 бауыры да тәтті сыйлықтарға мәре-сәре болды. Тәртіп сақшылары тағы азық-түлік пен киім-кешек те әкелген. Жуырда үйлері жанып кеткен жанұяға полиция қызметкерлері осылай демеу білдірді. Отбасы мүшелері қазір баспана жалдап тұрып жатыр.

Айгүл Сәбитова – СҚО ПД басқармасының аға инспекторы:

– Жаңа жыл қарсаңында тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға барып қайттық. Біз барған кезде олардың көздерінен үлкен қуаныш көрінді. Бізде өте жақсы қарсы алды.

“Караван добра” акциясы аясында полицейлер көпбалалы 18 отбасыға барып, мерекемен құттықтады. 60-тан астам балаға сыйлық жасаған.

Бисенова Жанна