МТРА жаңалықтары

Кандидаттар “Nur Otan” партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Төлепберген Тілегенов – қаржы саласының еңбек сіңірген ардагері. Өмірінің жартысына жуығын ол банк жүйесіне арнаған. Төлепберген Баязитұлының еңбек өтілі – 42 жыл, оның жартысынан астамын басшылық қызметте өткізген. Ал 2003 жылы құрметті еңбек демалысына шығады.

Төлепберген Тілегенов – ҚазКСР-нің еңбек сіңірген экономисі:

– 42 жылымды банке арнадым. Көптеген лауазымдарда еңбек еттім. Оның ішінде аудандардағы қаржы ұйымдарына басшылық еттім. Ол кездегі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде басшы болдым. Поштада қызмет жасадым. Жолдастарым әлі күнге дейін мені ұмытпай, хабарласып жатады.

Бүгін зейнеткердің хал-жағдайын сұрастырып нұротандықтар келді. Кандидаттар Төлепберген Тілегеновпен тілдесіп, қаңтардың 10-ы күні өтетін сайлауға шақырып, көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасымен де таныстырып өтті.

Қариялар мен көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету – «Nur Otan» партиясының ұстанымдарының бірі. Биыл қиын кезеңдер туындағанда ұйым өкілдері ұйымшылдық танытып, қолдау көрсете білді.

Дмитрий Колода – ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Пандемия кезінде «Nur Otan» партиясына қарасты “Біргеміз” қоры құрылды. Қайырымдылық қоры аясында мыңдаған қазақстандыққа қаржылай қолдау көрсетілді. Бұдан өзге де игі бастамаларымыз әлі де жалғасуда.

Нұротандықтардың үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Депутаттыққа үміткерлер демалыс күндері де тыным таппай, халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаларын түсіндіруде.

Ешкенова Дана