COVID-19: Қазақстан

СҚО-да өткен тәулікте індет жұқтырудың 60 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте өңірде індетке шалдығудың 60 жағдайы тіркелді. 53 адамның бойынан ауру белгілері анық байқалса, 7 тұрғын COVID-19-дың симптомсыз түрін жұқтырған.

Бұл жолы науқастар саны бойынша көш басына Петропавл емес, М.Жұмабаев ауданы шықты. Мұнда 18 кісінің анализі оң қорытынды көрсеткен. Ал облыс орталығында 17 солтүстікқазақстандық дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Жалпы, пандемия басталғалы өлкемізде қауіпті дертке 8 жарым мыңға жуық жерлесіміз шалдығыпты. Осы орайда арнайы мониторингілік топтар ұсынған ақпарды да баян етейік. Тексеруші мамандар ереже бұзушылықтарды анықтап, 1660 әкімшілік хаттама толтырған. Талапты көбіне қарапайым адамдар ескермейтін көрінеді.

 

 

Култанов Байболат