Спорт

“Qulager” қарымта кездесуде ұтылып қалды

«Qulager» құрамасының ел біріншілігіндегі сәтсіз сериясы жалғасуда. Кеше олар көкшетаулық «Арлан» командасымен өткізген қарымта матчта қарсыластарына есе қайтара алмады.

Ойынның алғашқы периодынан-ақ айдын иелері басымдық танытты. Арландықтар 13-ші минутта солтүстікқазақстандықтардың қақпасына шайба дарытты. Көп ұзамай қарсыластарымыз екінші голды соқты. Ал, жерлестеріміз бәсеке соңына дейін қанша шабуыл жасаса да таблодағы есепті өзгерте алған жоқ. Осылайша матч 2:0 есебімен аяқталды. Турнирлік кестеге көз жүгіртсек, петропавлдық хоккейшілер 5-ші орында тұр. Қоржында 44 ұпай бар. Келесі кездесуді «Qulager» командасы Жаңа жыл мерекесінен кейін өткізеді. Жігіттер Қарағанды қаласында «Сарыарқа» құрамасының ойыншыларымен күш сынаспақ.

Андрей Янков, “Qulager” ХК қақпашысы:

– Өкінішке қарай, қос кездесу де сәтсіз өтті. Бақ шаба ма, бап шабама демекші, бүгін қарсыластардың қақпасына 43 рет шайба бағыттадық. Бірақ, мұнымыздан ештеңе шықпады. Жанкүйерлерге көп рақмет. Алыста болса да пікір жазып, қолдап жатыр.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан