МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар жарнама жасаушы мамандармен жүздесті

Нұротандықтар бұл жолы Петропавлда орналасқан “Фабрика рекламы” серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті. Атқарған жұмыстарын баяндады, сайлауалды бағдарламамен таныстырды, сұрақтарына жауап берді.

Арман Бердағұлов – облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

 – Жалпы, «Nur Otan» партиясы бағдарламасының мақсаты мен міндеттері Қазақстан халқының және петропавлдықтардың әл-ауқатын көтеру. Медицина, спорт, мәдениет салаларында арнайы индикаторлар анықталып, соған жету үшін біршама жұмыстар қарастырылған.

«Тәні саудың – жаны сау»,- деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Шынымен де, спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шымыр болады. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру – “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасындағы бағыттардың бірі. Осы орайда қалалық мәслихат депутаттығына көшбасшы партия атынан үміткер Владимир Витченко облыстағы бұқаралық спортты дамыту қажеттігін айтты.

Владимир Витченко – қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа спорттық нысандардың құрылысын бастауды жоспарға енгіздік. Сайлау аяқталып, “Nur Otan” партиясы жеңіске жетсе, осы істі аяғына дейін жеткіземіз және Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі бұқаралық спорт түрлерін дамытып, жеткіншектерді тегін оқыту үшін республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінетін болады. Осылайша, балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырмақпыз.

Жалпы, жиын барысында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер білім, медицина, туризм салаларындағы басты проблемаларды да тілге тиек етіп, шешу жолдарын ұсынды.

 

Казиканова Алтынай