ТЖ

Ғ.Мүсірепов ауданында өрттен 1 адам қаза тапты

Ғ.Мүсірепов ауданында қайғылы жағдай тіркелді. Кеше Володарское селосындағы тұрғын үйлердің бірінде қызыл жалын бас көтеріп, 57 жастағы үй иесі көз жұмды. Ал Мұқыр ауылында  ішінде әйел мен
нәресте болған жедел жәрдем көлігі жолдың шетіне шығып кеткен.

Жаға ұстатарлық жағдай кеше Ғ.Мүсірепов ауданындағы Володарское селосында орын алды. Мұнда жер үй отқа оранған. Өртеніп жатқан баспананың жатын бөлмесінде 63-ші жылғы үй иесі болыпты. Құтқарушылар жеткенше азамат ажал құшты. Қызыл жалын қауіпсіздік ережелерін ескермегендіктің салдарынан шыққан көрінеді. Бұл – өңірде жыл басынан бері орын алған 47-ші қайғылы оқиға.

Орал Әбдірахманов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Жыл басынан өңірде 706 өрт фактісі тіркелді. 47 адам қаза болды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл оқыс оқиғалар саны артты.

Өртке қатысты жағдайларды тізіп болған құтқарушылар кейін өңірде орын алған басқа да жайттарға тоқталып өтті. Күні кеше Ғ.Мүсірепов ауданында тағы бір оқиға тіркеліпті. Мұқыр ауылында жаңа ғана босанған әйел мен нәрестені аурухана апара жатқан көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың шетіне шығып кетеді. Абырой болғанда, іште отырған адамдарға зақым келген жоқ.

Мұрат Қанғожинов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Оқиға орнына бірден арнайы техника жібердік. Жедел жәрдем көлігінде болған жандарды аудан орталығындағы ауруханаға жеткіздік. 21 жастағы келіншек пен баласының жағдайы жақсы.

Жиын барасында мамандар мереке күні пиротехникалық құралдарды қолдануда абай болу қажеттігін де ескертті.

Орал Әбдірахманов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Пиротехникалық құралдарды қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыздар. Бұл дүниелерді жаққанда басқа үйлерден арақашықтықты сақтаңыз. Балалардың қолына ұстатпаңыз.

Сондай-ақ, мереке күні ауа райының күрт суытатындығын да тілге тиек ете кетті мамандар. Бұл уақытта алыс жолға шықпауға кеңес береді.

 

 

 

 

 

Маржан Касымбек