МТРА жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов ауданында жаңа хоккей корты қолданысқа берілді

Ғ.Мүсірепов ауданында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаңа хоккей корты қолданысқа берілді. «Sunqar» деп аталған нысанда жас спортшыларды дайындау үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы, биыл хоккей корттары 5 аудан орталығында салынуда. Жыл соңына дейін Мамлютка қаласында ашылады. Қаңтар айында – Булаево пен Тимирязевте  қолданысқа беріледі. Ал Новоишимкада ашылған спорт нысанының жұмысымен өңір басшысы Құмар Ақсақалов танысты.

Қызметкерлерінің тұрмыс жағдайын жақсарту – кәсіпорынның өркендеуінің кепілі. “Есіл-Гарант” серіктестігі астық сақтаумен айналысады. Өндірісте 60 адам жұмыс істейді. Қызметкерлерінің баспана мәселесін шешу мақсатында кәсіпорын басшылығы үйлер сала бастады. Қазірдің өзінде 7 баспана дайын. Біреуінің құны 14 млн теңгені құрайды, ауданы – 118 шаршы метр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Өткен жылы біз елді мекендерде 428 үй салдық. Биыл жоспарда тағы 800-ін салу болса, оның 150-ін кәсіпкерлердің өздері тұрғызып жатыр. Оған қоса, келесі жылдан бастап жұмысшылар үшін тұрғын үй құрылысына арналған қаражаттар субсидияланатын болады. Бұл да қызметкерлер үшін жақсы көмек.

Үй құрылысы басталмас бұрын баспана жоспары тұрғындармен келісіледі. Әр отбасының тілегі ескеріледі. Үйлер кең, ең бастысы жылы дейді серіктестік директоры.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Салынған үйлердің сапасы жақсы. Ең бастысы іші жылы. Өңір басшысы былтыр әр аудан орталығында жабық хоккей корты болу қажеттігін айтты. Қазіргі уақытта 7 ауданда осындай нысан бар. Енді олардың тізіміне Ғабит Мүсірепов те қосылды. Жоба құны – 72 млн теңге.

– Ғ.Мүсірепов ауданының «Локомотив» хоккей командасының ойыншысымын. Жабық хоккей кортын салып бергеніне өте қуаныштымыз. Енді ешқандай ауа райы біздің дайындығымызға кедергі емес.

– Аудан әкіміне алғыс айтамын. Енді уақытты зая кетірмей, тек жарыстарға дайындалатын боламыз.

Жаңа мұзды алғашқылардың бірі болып өңір басшысы сынап көрді. Құмар Ақсақалов өзі де көп жыл бойы хоккей ойынымен әуестенеді. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан ол спортпен шұғылдануға уақыт табады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Мұздың сапасы жақсы. Әрқашан спортпен айналысу керек. Әр ауданда стадион жанынан хоккей корты, спорт кешені салыну қажет. Бұл «кіші олимпиада ауылына» айналмақ. Келесі жылы осы кешендерде футбол, хоккей, баскетбол және волейболдан тұрақты чемпионаттар өткізетін боламыз. Биыл аудандарда 6 спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Аталмыш нысандар спорт жарыстарының орталығына айналады.

Хоккей кортында спортшылар үшін барлық жағдай жасалаған. Мұз айдыны мен киімжайды жылы өткел байланыстырады. Сондықтан, жаттығуға келгендер киімдерін ауыстыру үшін далаға шықпайды.

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан